×

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топтар ұсталды

Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалап келген қылмыстық топтар ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте жыл басынан бері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан астам топ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобын ұстады. Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды.

11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

«Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Өңірлерде «заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →