×

Жас жігіт Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі дөңгелегінің астында қалып көз жұмды

Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желіде айтты

Жас жігіт  Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі дөңгелегінің астында қалып көз жұмды

Жас блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі дөңгелегінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желіде айтты.

Жол-көлік оқиғасы 29 қазанда Алматыдағы "Сокол" автодромында орын алған. Автокөліктің рөлінде 45 жастағы Анатолий Подлипалин болған. Ол көлікпен келгенде трюк жасайтын 22 жастағы Батырхан Ержанов қозғалатын көліктен асып секіруі керек еді, бірақ соны орындау барысында жазатайым оқиға орын алып, Ержанов дөңгелек астында қалған.

Оқиғадан кейін ол ауыр ми жарақатымен және денесінде көп жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 30 қазанда Батырхан алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлады Әлібеков.

«Ол (Батырхан) менен көлікті сұрады. Бермеп едім. Телеграмда сол үшін көп талқы өткізген едік. Соңында трюгы үшін бердім. Сол трюктарының бірінде ол ауруханаға түсті. Ауыр жарақаттан есін жимай, қайтыс болды. Мен білмеймін... Ата-аналарымен... Сөзім жоқ. Туған-туыстары, жақындарына көңіл айтамын. Көлікті бермеуім керек пе еді...» - деді Әлібеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →