«Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топ бар екенін Талғар тұрғындары айтып келеді
Алматы облысы Полиция департаменті «Хуторлықтар» бандасының жетекшісі атанған Хасан Қасымбаев қамауға алынғаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Хабарламада Қасымбаевтың марқұм Шерзаттың өлімі үшін емес, 2021 жылы болған адам ұрлау ісіне байланысты ұсталғаны айтылған.
“2024 жылғы 2 қарашада Азамат К. 2021 жылғы маусымда жасалған А. азаматының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікпен ұсталды және уақытша ұстау изоляторына орналастырылды”, – делінген Алматы облысы ПД мәлімдемесінде.
Шерзат Болаттың өлімі мен Талғардағы басқа қылмыстарға «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топ және оны басқаратын ағайынды Хасан, Аслан және Ержан Қасымбаевтартың қатысы бар екенін Талғар тұрғындары бірінші күннен айтып келеді. Ал ІІМ мәлімдемесінде «хуторлықтар» жайлы сөзді бірден жоққа шығарып, ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін айтқан болатын.