×

Вакцина, мутация және алаңдатқан болжамдар: гонконг тұмауы қайта оралды

Қазақстанда гонконг тұмауының таралу қаупі артты

Вакцина, мутация және алаңдатқан болжамдар: гонконг тұмауы қайта оралды
freepik

Мамандардың айтуынша, елде H3N2 вирусының көбеюі байқалып отыр. Бұл штамм – гонконг тұмауының түрі, және ол әдеттегі маусымдық тұмаудан ауыр өтуімен және тез таралуымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәрігер, профессор Алмаз Шарман вирустың мутацияға бейім екенін және оның ағза қорғаныс жүйесін айналып өту қабілеті күшейгенін ескертті.

«Биылғы жылы басым болып тұрған штамм жаз бойы кем дегенде жеті рет мутацияға ұшырады. Иммунитет үшін оны тану қиындай түсті, сондықтан індеттің өршу қаупі жоғары. Вакцина жаңа түрге толық сәйкес келмесе де, ол аурудың ауыр өту ықтималдығын азайтады», — деді ол.

Маман вакцинацияның маңыздылығын атап өтті.

«Балалар, қарттар және созылмалы ауруы бар адамдар үшін бұл ерекше маңызды. Вакцинаның қорғаныс әсері екпеден кейін екі аптада қалыптасады, сондықтан күз – ең қолайлы уақыт», — деді Шарман.

Дәрігердің айтуынша, Оңтүстік жарты шарда жағдай алаңдатарлық: Аустралияда соңғы жылдардағы ең ауыр маусым тіркелсе, Жапонияда H3N2 вирусы салдарынан жүздеген мектеп уақытша жабылған.

Британдық ғалымдар вирусының жаңа түрін – H3N2 K субкладан анықтаған. Оның таралу жылдамдығы әдеттегі тұмауға қарағанда 15–20 пайызға жоғары.

«Бұл вирус әлем бойынша тез таралуы мүмкін. Бірақ үрейленуге негіз жоқ. 1968 жылғы пандемиямен салыстырғанда, бүгінде бізде вакцина, вирусқа қарсы дәрілер және тиімді мониторинг жүйесі бар», — деді профессор.

Мамандар азаматтарға тұмауға қарсы екпе алып, ауру белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, көпшілік орындардан аулақ болуға кеңес береді.

«Бұл қыс жеңіл болмауы мүмкін, бірақ оған дайындалуға әлі мүмкіндік бар», — дейді Алмаз Шарман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Проблеманы жоққа шығара алмаймыз – Әлназарова МӘМС жүйесі әлі толық ретке келмегенін мойындады
22.11.2025ж. 13:53

Проблеманы жоққа шығара алмаймыз – Әлназарова МӘМС жүйесі әлі толық ретке келмегенін мойындады

Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, кезек күткен науқастарды емдеу үшін биыл емханаларға қосымша 20 млрд теңге бөледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →