×

ШҚО-да жыл соңына дейін 36 медициналық нысан салынады

ШҚО-да жыл соңына дейін 36 медициналық нысан салынады
freepik

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жыл соңына дейін 36 медициналық нысан салынады.

Бүгінде Ұлан ауданына 150 адамды қабылдай алатын заманауи емхана ашылған, ал Риддер қаласында аурухана кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Өскеменде Ана мен бала орталығы мен Гематология орталығын біріктіретін заманауи медициналық кластер құрылуда. Кейін кластерге 300 орындық көпсалалы аурухана қосылады, бұл медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін едәуір арттырады.

Мемлекеттік-жекешелік серіктестік арқылы Нефрологиялық орталық құру жоспарланған. Сондай-ақ дәрігерлердің біліктілігі арттырылып келеді. Осы жылы 118 маман оқудан өткен, олардың 72-сі Түркия, Израиль, Германия, Қытай және басқа да елдердің жетекші медициналық орталықтарында білім алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вакцина, мутация және алаңдатқан болжамдар: гонконг тұмауы қайта оралды
24.11.2025ж. 19:10

Вакцина, мутация және алаңдатқан болжамдар: гонконг тұмауы қайта оралды

Қазақстанда гонконг тұмауының таралу қаупі артты
Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, кезек күткен науқастарды емдеу үшін биыл емханаларға қосымша 20 млрд теңге бөледі
Бүгінде 110 мыңнан астам тұрғынның жағдайын тәулік бойы 30-дан астам дәрігер бақылап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →