×

Денсаулық министрі ұшақта есінен танған жолаушыға көмек көрсетті

Министрлік оқиғаға қатысты түсініктеме берді, факті расталды

Денсаулық министрі ұшақта есінен танған жолаушыға көмек көрсетті
Видео: threads.com/@aigulyelemes

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астана–Алматы бағытындағы ұшақта өзін жайсыз сезінген бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға жайында Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы жазып, видео жариялаған. Оның айтуынша, таңғы KS 622 рейсі ұшу жолағына бет алған сәтте бір жолаушының жағдайы күрт нашарлаған.

«Стюардесса! Қыздың жағдайы нашарлап кетті, дәрігер керек!» – деген дауыстан кейін салонда абыр-сабыр туған

Сол сәтте бір әйел жолаушы қыздың қасына барып, есін жиғызуға көмектесіп, қан қысымын өлшеген. Қысым өте жоғары болғаны анықталған.

Стюардессалар қажетті заттарды әкеліп, көмектесіп жүргенде, экипаж мүшелері көмек көрсетіп жатқан әйелден кім екенін сұраған. Ол жай ғана:

«Мен – дәрігермін» деп жауап берген.

Дәрігер қызға дәрі беріп, су мен шай ұсынғаннан кейін жолаушы өзін жақсырақ сезініп, ұшуды жалғастыра алатынын айтқан. Ұшақ рейсі тоқтатылмай, сапарын жалғастырды.

Әлеуметтік желі авторы кейіннен көмек көрсеткен дәрігердің Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова екенін білгенін жазды.

Министрлік оқиғаға қатысты түсініктеме берді, факті расталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазақстанда гонконг тұмауының таралу қаупі артты
Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, кезек күткен науқастарды емдеу үшін биыл емханаларға қосымша 20 млрд теңге бөледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →