×

Зейнетақы жинағын тіс емдеуге жұмсау мүмкіндігі қашан қайтарылады

Зейнетақы жинағын тіс емдеуге жұмсау мүмкіндігі қашан қайтарылады
Kursiv.media

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін стоматологиялық қызметтерге пайдалану мүмкіндігіне тек 2026 жылдың соңына қарай қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет брифингінде «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау 15 сәуірге дейін тоқтатылғанымен, банк бұл мерзімге дейін жаңа жүйені іске қосып үлгермейді.

Қазіргі уақытта банк Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылайтын жаңа онлайн-платформа әзірлеуде. Бұл жүйеде клиникалар мен атқарылған жұмыс актілері цифрлық форматта тіркеліп, ашықтық қамтамасыз етілмек. Ләззат Ибрагимова бұрынғы жүйеде заң бұзушылықтардың болғанын өкінішпен атап өтті.

«Біздің міндетіміз – бұл қызметті қолжетімді және толық ашық ету. Қаражатты мақсатсыз пайдаланған 10% адамның кесірінен, халықтың 90%-ы бұл мүмкіндіктен айырылып қалғаны өкінішті. Меніңше, бұл әділетсіздік», — деді Л. Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап құжаттарды қолдан жасау және қаражатты мақсатсыз пайдалану деректеріне байланысты зейнетақы артығын стоматологияға, офтальмологияға және пластикалық оталарға жұмсауға тыйым салынған болатын. Жаңа портал іске қосылғаннан кейін, азаматтар 2026 жылға бекітілген шектік межеге сай жинақтарын қайта пайдалана алады деп күтілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →