×

"2 күнге қолма-қол ақша алыңыздар": Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді

"2 күнге қолма-қол ақша алыңыздар": Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Сурет: vkurse.kz

Соңғы күндері WhatsApp мессенджері арқылы қолданушылар алдағы 2 күн бойы бір-біріне шоттан шотқа ақша аудару және картамен төлем жасау мүмкін болмайтынын айтып, қолма-қол ақша алуға кеңес беретіні туралы хабарлама жіберіп жатыр. Бұл хабарламаға Қазақстан Ұлттық Банкі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, елдің төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматын енгізіп жатыр. Халықаралық төлем хабарламалары стандартын қолдану банктерде клиентке қаржы қызметін көрсету тәртібін өзгертпейді. Бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер қызметі өзгеріссіз қалады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді. Сондай кезде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқамерзімді өзгерістер болуы мүмкін (қаржы ұйымдары ISO 20022-ні енгізетін демалыс күндерінде енгізеді).

Қаржы мекемелері қазір клиенттерін жаңа стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілетін уақыт туралы алдын ала хабардар етіп жатыр. Бұл жұмыстар 2024 жылғы қарашаның аяғына дейін жүзеге асырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін барлау орындарын жедел жабу тапсырмасы берілген
Жаңа пандус Ахметов көшесі бетінен екінші қабатта ашылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →