×

Сынып жетекшілік бөлек штат болып ашыла ма? Бейсембаев пен Аймағамбетов жауап берді

100 млрд емес, шамасы 400-500 млрд дейін қаражат керек.

Сынып жетекшілік бөлек штат болып ашыла ма? Бейсембаев пен Аймағамбетов жауап берді
gov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте сынып жетекшілік үшін бөлек штат ашудың қажеті жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, бұрынғы министр Асхат Аймағамбетов осы мәселе бойынша 100 млрд астам қаржы керектігін есептеп, Қаржы министрлігіне, Үкіметке ұсынған. Бірақ өз уақытында бұл мәселені шешіп үлгермегенін айтқан еді.

Министр не деп жауап берді

Аталмыш мәселе жөнінде мәжіліс кулуарында Qaz365.kz тілшісі министр Ғани Бейсембаевтан «Мемлекеттік мектептерде Назарбаев мектептеріндегідей сынып жетекшілік үшін арнайы бөлек штат ашылуы мүмкін бе» деп сұрады. Министр бөлек штат ашудың қажеті жоқтығын айтты. Ол педагогикалық заңның шеңберінде жоғары ақы төленуі керек болғандықтан 100 млрд емес, шамасы 400-500 млрд дейін қаржы керек деп есептейді. 

«Олай деп есептемеймін. Өйткені, оның өзінің педагогикалық, әдістемелік ғылыми түсінігі бар. Әрине, Назарбаев мектептерінде өзінің нәтижесін берді. Ол НЗМ мектептері – елімізде бар-жоғы 20 мектеп. Оның мақсат-міндеттері мен жалпы бағытын сіз жақсы білесіз. Ал енді қарапайым барлық мектеп туралы айтатын болсақ.. Біріншіден, 200 мыңнан аса маман қажет болады. Екіншіден, 100 млрд емес, шамасы 400-500 млрд дейін қаражат керек болуы мүмкін. Өйткені, ол мамандарға сіз 100-150 мың төлемейсіз ғой. Оған педагогикалық заңның шеңберінде жоғары ақы төлеуіңіз керек. Үшіншіден, сынып жетекшісі баламен жиі қарым-қатынаста болу керек. Яғни, маман мұғалім оқушыға сабақ бермейтін болса, оның деңгейі қандай екенін сабақ үстінде көрмегеннен кейін ол қалай оқушыға әсер ете алады деген сарапшылардың басқа да пікірі бар екенін айтқым келеді. Сондықтан тиімді болу үшін мемлекеттік деңгейде арнайы маман емес, пән мұғалімдерінің сынып жетекшілігіне қосымша ақы төлеу барысын күшейту әлдеқайда тиімді және дұрыс екендігін көп сарапшы айтып отыр», - деді министр.

Аймағамбетовтың пікірі

Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетовтан да министр кезіндегі бастамасы жайлы ойын білген едік. Депутаттың пікірінше, сынып жетекшілікті пән мұғалімдерінің мойнына асып қоймай, арнайы жетекші штат бөлек енгізу керек. Сондай-ақ ол сынып жетекшілік штат ашу үшін 400-500 млрд қаражат кетеді деп ойламайды.

«Менің ойымша, бұл жерде арнайы тәрбие жұмысымен айналысатын арнайы маман болу керек. Мәселен, БИЛ, НЗМ білім ордаларын қарасақ, өте жақсы тәжірибе бар. Сондықтан осы тәжірибені қарап көрген жөн. 400-500 млрд болмайды. Одан азырақ болады. Кезінде біз санағанда, 100млрд астам қаражат керек болды. Сондықтан біз сол мәселені қарадық. Мәселе тиімділікте.  Қаражатты не үшін қосымша бөлеміз?. Тәрбие жұмысын, жалпы балалармен осы жұмысты ширату үшін керек. Негізінде баланың қауіпсіздігі, баланың мүддесі жатыр. Ол – мұғалім үшін емес, бала үшін істеліп жатқан жұмыс. Сондықтан осы тұрғыдан қарайтын болсақ, қай шешім, қай тәсіл баланың мүддесін қорғау үшін тиімдірек? Осылай қарауымыз керек. Менің ойымша, 25-30 сағат алып алған мұғалімге қосымша жүктемені мойнына асып берсең де физикалық тұрғыда балалармен айналысуға уақыты да болмайды. Сондықтан біз тиімді шешім қабылдауымыз керек», – деді депутат Асхат Аймағамбетов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →