×

Астанада ақылы автотұрақ үшін жүргізушілерге 5.8 млрд теңге айыппұл салынған

Ақылы тұрақтарды қадағалайтын мемлекеттік операторды құру керек.

Астанада ақылы автотұрақ үшін жүргізушілерге 5.8 млрд теңге айыппұл салынған

Астанадағы ақылы автотұрақтың ақысын төлемегені үшін жүргізушілерге 5,8 млрд теңге айыппұл салынған. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбай мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Депутаттың айтуынша, Астанада аттап бассаң ақы төлеуге тура келеді. Себебі, қазір қалада 7216 ақылы автотұрақ бар. Оны жыл соңына дейін 10 000-ға жеткізбек. Сол ақылы тұрақтардан алынатын ақшада жекеменшік компанияның үлесі сағатына – 100 теңге. Ақылы автотұрақтардың ақысын төлемесең, айыппұл салады, сомасы – 10 000 теңгеден асады. Яғни, жүргізушілер 100 теңге төлемеген жағдайда, 10 мың теңге төлеуге мәжбүр.

 
«Ең сорақысы, 2018 жылдан 2022 жылға дейін ақылы автотұраққа төленген ақшаның 95 пайызы жеке серіктеске, тек 5 пайызы мемлекетке түсіп келген. Ресми сандарға назар салсақ,  2021 жылы Астанадағы ақылы автотұрақтарға азаматтарымыз 90 994 105 теңге төлеген, 2022 жылы 152 466 542 теңге төлеген. Мұның қаншасы мемлекетке түскенін есептеуге қиынға соқпайды. Бұл халықты қанау емес пе?» – дейді депутат.

Ақылы автотұрақ арқылы қанау –  үлкен қателік
Мәжілісменнің сөзінше, 2021 жылдан 2024 жылды қоса алғанда азаматтар бас қаладағы ақылы автотұрақтарға 725 995 427 теңге төлеген. Соның 617 315 439 теңгесі жеке серіктестікке төленген, тек 108 679 988 теңгесі ғана қала бюджетіне түскен. Сондай-ақ ақылы автотұрақ үшін жүргізушілерге 5.8 млрд теңге айыппұл салынған.

«Ал ақылы автотұрақтың ақысын төлемеген халыққа салынған айыппұл көлемі тіпті қорқынышты. 2021 жылдан 2024 жылды қоса алғанда Астанадағы ақылы автотұрақтың ақысын төлемегені үшін азаматтарымызға 5 839 114 176 теңге айыппұл салынған. Халық төлемеймін демейді, аумағы ат шаптырым автотұрақтардың бір бұрышына ғана қойылған тақтайшаны көру мүмкін болмағандықтан төлемей кетеді. Қалай десек те, автокөлік мінген халықты   ақылы автотұрақ арқылы қанау үлкен қателік» - деді Нартай Аралбай.

Сондай-ақ депутат бейнебақылау камераларына қатысты жағдай да халықты ашындырып отырғанын атап өтті. Бір ғана Астана қаласында 13 000 камера бар және солар арқылы салынған айыппұл да айғайлап тұр.

«2017 жылдан 2024 жылдың бірінші жарты жылдығын қоса алғанда бейнебақылау камералары арқылы халыққа 45,3 миллиард теңге айыппұл салынған. Соның 26,5 миллиард теңгесі  жеке ЖШС-ң қалтасына кеткен.  Халықтың қалтасындағы қаржыны опырып алу, оның бір бөлігін жеке компанияларға беру Заңды ма?»,  – дейді депутат. 

Мәжілісмен осы тұрғыда бірқатар ұсынысын айтты. Олар:
1. Ақылы автотұрақтарды көліктер ең көп жиналатын іскерлік аудардарда ғана қалдырып, қалғанын қысқарту керек. Тұрғын үйлер мен саябақтардың аумағында ақылы тұрақ болмауы қажет. 
2. Ақылы көлік тұрақтарын қадағалайтын мемлекеттік операторды құру керек. Оған дейін мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі туралы шарттардың талаптарын қайта қарап, жекеменшік компанияға тұрақ аумағын күтіп ұстау, жолын жөндеу қызметін жүктеу қажет.
3. Ақылы автотұрақта тегін тұру уақытын кемі 30 минутқа жеткізу керек. 
4. Бейнебақылау камералары арқылы салынатын айыппұлдарды кемі 2 есе азайту керек. 
6. Бейнебақылау камераларын қоятын, бақылайтын мемлекеттік оператор құру керек. Оған дейін мемлекет пен жеке меншік секторының серіктестігі туралы қазіргі шартты қайта қарау керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →