×

Жыл басынан бері 43 млн теңге жалған ақша тәркіленген

Соңғы кезде жалған шетел валютасын өткізу фактілері жиілеген

Жыл басынан бері 43 млн теңге жалған ақша тәркіленген
Сурет: Бейнеден кадр

Жыл басынан бері 43 млн теңгеге жалған ақша айналымы әшкере болып тәркіленгенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше соңғы кезде жалған шетел валютасын өткізу фактілері жиілеген.

                                                                                                                                                       Сурет жедел түсірілімнен скриншот

“ҚМА ірі көлемде шетел валюталарын өткізбек болған екі қылмыстық топты анықтады. Алматыда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Ал Орал қаласындағы бір топ адам лотерея клубтарының бірінде жалған 25 мың АҚШ доллары мен 10 мың еуро өткізген деген күдікке ілінді. Күдіктілер бәс тігу үшін осы жалған ақшаны шоттарына салған”, – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінде.

Қазір екі қылмыстық іс бойынша сот істері жүргізіліп, басқа да қылмыстық істер мен жалған ақша айналымдарының арналарының жолын кесу мақсатында тергеу жұмыстары жалғасуда.

“Жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра”, – делінген ведомство хабарламасында.

  Жыл басынан бері тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →