×

Жамбыл облысында кәсіпкер өз фирмасын әдейі банкрот еткен

Кәсіпкер 11 млн теңге салық төлеуден жалтарған

Жамбыл облысында кәсіпкер өз фирмасын әдейі банкрот еткен
Сурет: gov.kz

Жамбыл кәсіпкері салық төлемеу үшін өз фирмасын әдейі банкроттыққа ұшыратқан, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл фактіні Жамбыл облыстық прокурорлары анықтаған.

Кәсіпкер 11 млн теңге салық төлегісі келмей өз ЖШС-ін әдейі банкроттыққа жеткізген. Кейін кәсіпкер фирманы сатып жіберген. Алайда прокурорлар бұл мәселе таза емес екенін сезіп, күдіктенген. Нәтижесінде аудандық соттардың бірі банкроттыққа әдейі жеткізумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы заңсыз шешім шығарғаны белгілі болды.

"2024 жылғы 5 қыркүйекте Жамбыл облыстық соты енгізген прокурорлық ден қою актісінің негізінде бірінші сатыдағы соттың шешімі жойылды, құқық бұзушы ӘҚБтК — нің 182-бабының 1-бөлігі бойынша оған 738 400 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды", –  деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасы.

Материалдарды зерделеп, прокурорлар кәсіпкерді 11 млн теңге салық төлеуден жалтарған деген қорытындыға келді. Сот шешімімен кәсіпкер салық төлеуге міндеттелді. Берешекті өндіріп алу шаралары қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →