×

Ресейден арзан өнімдер ағылып, Қазақстан кәсіпкерлері шығынға ұшырап жатыр

Ет өнімдерін өндірушілер зардап шегіп жатыр.

Ресейден арзан өнімдер ағылып, Қазақстан кәсіпкерлері шығынға ұшырап жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Парламент мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылау кезінде депутат Ермұрат Бапи шаруалардың проблемасын көтеріп, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа сауал тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еуразиялық одақтың кейбір баптарына байланысты, әсіресе, біздің тауар өндірушілер, ет өнімдерін өндірушілер зардап шегіп жатыр. Бірнеше хат келді. Әсіресе, Ресей мен Белорусьтің шұжық және басқа да өнімдерінің экспанциясы салдарынан қазақстандық қайта өңдеушілер зиян шегіп отыр. «Олардың консерванттармен байытылған шұжықтары бәрі арзан, бізде өзіндік құны сәл қымбаттау дүниелер өтпей, зауыттар 40-50 пайыз қуаттылықпен жұмыс істеп жатыр» деп зар илейді. Осы орайда саяси билікке шығып, әлдебір ұсыныстар жасап, Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі кейбір талаптарға ревизия жасайық, осындай мәселе қояйық деген сіздер тараптан ұсыныстарыңыз бар ма? Әлде солтүстікке қарап, көзімізді бадырайтып отырмыз ба?» - деді депутат.

Өз кезегінде министр Айдарбек Сапаров біраз нарық ашық екенін айтты.

«Қайта өңдеушілер бойынша проблема болды. Былтырлары 30 пайыз ғана болған. Қазір 45-ке көтердік. Өйткені, Қытай аусылға байланысты жабық болды. Қазір жұмыс жасап жатырмыз. Қытайды аштық. Ресейде де аусыл бойынша проблема болды. Оны барып, бірнеше рет кездесіп шештік. Одан жиырма жыл жабық болған Түркияны да аштық. Қазір олармен де шартқа отырып жатыр. Әркім  арзан алғысы келеді, арзан сатқысы келеді. Біраз нарықты аштық. Бізден Қытайда 5-ақ кәсіпорын тұр. Бесеуінің біреуі ғана апарып жатыр. Жеткізу үзіліссіз болу керек қой. Бір күн апарып, ет жоқ деп отырамыз. Онда кооперация жасап, кезектен апарып отыру керек. Осындай мәселелер бар. Өз проблемамызды білеміз, ақырын-ақырын шешеміз», - деп жауап берді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →