×

«Таңғалған жоқпын» - Перизат Қайраттың ісіне қатысты вице-премьер пікір білдірді

Журналистер AMANAT партиясының мүшелері болғанын атап өтті.

«Таңғалған жоқпын» - Перизат Қайраттың ісіне қатысты вице-премьер пікір білдірді
коллаж Qaz365.kz

Перизат Қайрат ісіне қатысты вице-премьер Серік Жұманғарин журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске салсақ, осыған дейін 14 қарашада «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың 1,5 млрд теңге ұрлады деп күдікке ілініп, ұсталғаны туралы жазған едік. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін ақша жинады. Бірақ тергеу мәліметтері бойынша, ол қайырымдылықтың негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен сәнді заттарды сатып алу үшін пайдаланған. 

Көп ұзамай ерікті Палестинаға жинаған ақшаның 200 млн теңгесін жымқырған деген жаңа деректер пайда болды. Перизат Қайрат қамауға алынды.

Журналистер премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннан қордың құрылтайшылары қатарында AMANAT партиясының мүшелері болғанын атап өтіп, мұндай жағдайдан кейін қайырымдылық жасаушылар мен еріктілерге сенуге бола ма деп сұрады. 

«Шынымды айтсам, мен бұл жаңалыққа қатты мән бермедім. Ол мені, өкінішке қарай, таңғалдырмады. Соңғы күндердегі қарбаласта бұл жаңалық менің назарымнан тыс қалды. Сіз бұл сұрақты AMANAT партиясының хатшысына қойғаныңыз жөн. Мен бұл тақырыпқа түсініктеме бергім келмейді. Әркім өз жұмысын жасайды» – деді премьер-министрдің орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →