×

Ертеректе Сирияға кеткен қазақстандық Түркиядан ұсталды

Ол заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын

Ертеректе Сирияға кеткен қазақстандық Түркиядан ұсталды
Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада ҚР Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

 “Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған. Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Қазіргі таңда ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеріп, елге экстрадициялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады
27.06.2025ж. 11:57

Астанада ақылды бейнебақылау жүйесі Sergek-дрондары сынақтан өткізіле бастады

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт
Оның пәтерінен қояндармен бірге оның өлексесі де табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →