×

Қостанайда жоғалған малшы табылды

Қалың тұман салдарынан жолдан адасып кеткен.

Қостанайда жоғалған малшы табылды
Фото: ТЖМ видое кадры

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен малшы табылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдыңғы түні 1996 жылы туған ер адам Жангелді ауданындағы Қөлқұдық қыстағынан мотоциклмен шығып, қалың тұман салдарынан жолдан адасып кеткен.

– Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шықты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жоғалған адамды Торғай ауылынан 6 шақырым жерден тапты, – делінген хабарламада. 

ТЖМ тұрғындарға өздерінің қайда баратынын жақындарына хабарлап отыру керектігін және әрқашан өздерімен байланыс құралдарын алып жүру керек екенін ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды
Кеше, 19:35

«Ешкім де ұмытылмайды»: ШҚО-да ардагерлер мен тыл еңбеккерлері құттықталып, Президенттің құттықтау хаты табысталды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады
Ардагердің ерлігі бірнеше мемлекеттік наградамен бағаланған
Сондай-ақ қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →