×

Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Құтқарушылар жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты асырмауға және қашықтықты сақтауға кеңес берді

Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
фото: ашық дереккөзден

18 ақпан, сенбі күні Алматыда тұман түсіп, қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды qaz365.kz. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құтқарушылар жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты асырмауға және қашықтықты сақтауға кеңес берді. Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпағаны абзал.

Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілерге бірқатар кеңес берді:

- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілерді қағып кету ықтималдығы басым;

- көшелерден жол қозғалысы ережелерімен, белгіленген орындарда өту керек;

- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз;

- әрқашан алдыңызға, аяқтың астына қараңыз;

- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған, тегіс табанды болуы тиіс;

- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік бермейді;

– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі - адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →