×

Апат болған Екібастұз тұрғындары жарық пен судың қымбаттағанына наразы

Коммуналдық төлем ақы 15-45% көтеріледі деп болжап отыр

Апат болған Екібастұз тұрғындары жарық пен судың қымбаттағанына наразы
фото: ашық дереккөзден

Екібастұз қаласының тұрғындары жаңа жылдан бастап электр және ауыз су төлемдері негізсіз қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 


Редакциямызға Екібастұз қаласының тұрғындары хабарласып, коммуналдық төлемдердің оның ішінде жарық пен судың бірнеше есе қымбаттағанын айтып шағымданды. 

Естеріңізге салсақ, 27 қараша күні апат салдарынан қаладағы орталықтандырылған жылуға қосылған барлық нысандар, тұрғын үйлер, әлеуметтік мекемелер, кәсіпорындарда жылу беру тоқтап, қала түнде қатып қалған болатын. Нәтижесінде қала бірнеше апта жылусыз қалып, тұрғындар жылытқышпен күн көрді. 


Тұрғындардың айтуынша, пәтерде жылу болмаса да, ай соңында қымбат сомма көрсетілген түбіртектер келді.

«Жарық үшін 30 мың теңге келді. Апат болған күннен бері құбырдағы жылу мардымсыз. Жылытқыш қоспасақ, үйдің іші суық»,– деді Екібастұз қаласының тұрғыны Ақерке

«Жыл сайын коммуналдық төлем үшін 5-6 мың теңге ғана төлейтінмін. Осы айда 21 мың теңгенің түбіртегі келіп тұр. Жылытқышты аздап қана қосқан күннің өзінде осындай сомманың келуі ақылға симайды»,– деді Гүлжан.


«Жарық пен жылуға 40 мың теңге келді. Пәтерде көп адам тұрмайды. Үйіміз әлі жылыған жоқ. Халықтың шыдамын тауыспаңыздар, әйтпесе далаға шығудан басқа амалымыз қалмайды», – деді  қала тұрғыны Айгүл. 


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантаровтың айтуынша, жаңа бағадағы тарифтер әр аймақтағы ЖЭО ескіру деңгейіне байланысты әртүрлі белгіленеді. Орташа есеппен 15-45% көтеріледі деп болжап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Кеше, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →