×

3 млрд теңгеден астам зейнетақы активтері қайтарылды

Активтерді Алматы қаласының прокуратурасы «БЖЗҚ» АҚ пайдасына қайтарып берді

3 млрд теңгеден астам зейнетақы активтері қайтарылды
Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы прокуратурасы Алматы қаласы МАЭС-ның 01.07.2016 ж. шешімінің негізінде  «HOMEBROKER» АҚ-нан "БЖЗҚ" АҚ-ның пайдасына 3 161 428 049 теңге көлемінде зейнетақы активтерін өндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде "HOMEBROKER" АҚ-ның борышкердің банкроттығы жолымен "БЖЗҚ" АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейіннен осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор - аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды", - делінген хабарламада. 

«HOMEBROKER» АҚ-ның берешегін «Сити Сервис Инвест Строй» ЖШС-нен сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «HOMEBROKER» АҚ-ның «БЖЗҚ» АҚ алдындағы берешегі толық көлемде өтелді», - деп атап өтті ведомствода.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →