×

Екібастұздағы жағдай бойынша соңғы деректер шықты

Қазірге дейін 18 көпқабатты тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілген жоқ

Екібастұздағы жағдай бойынша соңғы деректер шықты
dknews.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Екібастұз қаласында жылумен жабдықтаудың ағымдағы жағдайы туралы жедел ақпарат таратты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Жылу электр орталығында орын алған апатқа байланысты Павлодар облысының әкімі бастаған штаб құрылды. Қалпына келтіру жұмыстарына 138 адам және 35 техника жұмылдырылған. Бұған дейін анықталған 15 зақымданудың 14-і жойылып, қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда.

2022 жылғы 28 қарашадағы сағат 15.30-дағы жағдай бойынша:

 “Жылу беру температурасы 84ºС (норма – 87ºС), кері қайтару – 54ºС (норма – 56ºС), пәтерлердегі температура 18-20ºС құрайды. 6 қазандық агрегат (№ 6,8,9,12,14,15) жұмыс істеп тұр, резервте 4 қазандық агрегат (№ 5,7,11,13) бар. Электр энергиясын тұтыну 51 МВт құрады. Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим күні бойы қалыпты және 20-25ºС шегінде сақталып отыр. Бұл санитарлық нормаларға сәйкес келеді. 18 көпқабатты тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілмей отыр. ЦТП 52 учаскесінде (Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша 5 "а" шағын ауданы) 1 ақау бар”, –  делінген Павлодар облысы әкімдігінің арнайы штабы есебінде.

Екібастұз қаласы бойынша жалпы 422,5 км жылу желілері бар. «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС балансында 342,3 км, олардың тозу деңгейі 91% құрайды.

Екібастұз ЖЭО–да 10 қазандық орналасқан, оның ішінде 5 энергетикалық, 5 су жылыту қазандығы.

Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі үй және орталық жылумен жабдықтауға қосылған 4 395 жеке үй бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды
Кеше, 21:00

Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды

Медицина қызметкерлері өздері барған елді мекенде бес жыл жұмыс істеуге міндетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →