×

2022 жылы 15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралған

2022 жылы 15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
bugin.kz

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2%) Өзбекстаннан, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%),  Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.

Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қандай елдерге саяхаттауға болмайды – блогер көзімен
Бүгін, 16:31

Қандай елдерге саяхаттауға болмайды – блогер көзімен

Айтуынша, бұл елдерге тәжірибелі саяхатшылар ғана келуі керек
2021 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 1,3%-ға өскен
Алматы прокуратурасы былтыр күзде қозғалған қылмыстық істі тоқтатты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →