×

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Қала әкімінің айтуынша, 3 шағынауданға әлі жылу берілген жоқ

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екібастұз қаласындағы жылумен жабдықтау жай-күйі белгілі болып, 28 қараша таңертең жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды,  деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Түн ішінде 149 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінен 129 үйге, 15 әлеуметтік нысанның 10-ына жылу берілді.

Қосымша төрт қазандық іске қосылып, нәтижесінде алты қазандық жұмыс істеп тұр. Өткен тәулікте қалада жылу желілерінің айналымы сақталған.

“Жылу желілерінен зақым табылды, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір қалған бес әлеуметтік нысанда, 17 көпқабатты үйде және 3 көппәтерлі тұрғын үйде жылу беруді қалпына келтіріп жатырмыз. Түнде қалада ТЖ режимі жарияланды”, –  деп мәлім етті әкімдік.

Таңғы сағат 09:00-дегі жағдай бойынша:

- 6 қазандық агрегатының жұмысы (№6,8,9,12,14,15);

- резервте 4 қазандық агрегаты (№ 5,7,11,13), олар станция жұмысын және температуралық кестені ұстап тұру мүмкіндігін береді.

Есепті уақытта жылу тасымалдағыштың берілу температурасы - 75ºС (норма 87ºС), керіайналым 50ºС (норма 56ºС), пәтерлерде - 18-20ºС, сыртқы ауа температурасы - 30ºС.

Екібастұздың білім нысандары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Балабақшалар жұмыс істемейді.

Павлодар қаласына 123 адам көшірілді, оның ішінде:

- білім беру желісі бойынша –  84 адам,

- денсаулық сақтау желісі бойынша –  39 пациент.

Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим күні бойы нашарлаған жоқ, 20-25ºС шегінде сақталады, бұл санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

Екібастұз қалалық ауруханасында 269 пациент (оның ішінде 92 бала), перзентханада –  37 пациент (оның ішінде 19 бала) бар.

Шұғыл көмек уақтылы көрсетіледі. Температура режимі сағат сайын бақыланады.

Авариялық жөндеу жұмысына 138 адам және 35 техника жұмылдырылды. Бұрын анықталған 15 зақымданудың 14-і жойылды.

Күннің бірінші жартысында 20 көппәтерлі тұрғын үйге қатысты мәселені толық шешу жоспарланған.

“Қалада сенім телефоны жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру үшін қосымша 12 эвакуациялық пункт ашылды, олар халыққа көмек көрсету үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған. Қалада кешеден бері облыс әкімі бастаған жедел штаб жұмыс істейді. Ақпарат екі сағат сайын беріледі”, –  делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылған болатын.

Бүгін Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқитыны хабарланды. Қала әкімінің айтуынша, 3 шағынауданға әлі жылу берілген жоқ. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
Бүгін, 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →