×

Проекциялық жаяу жүргіншілер жолағы пайда болды

Жол жылдың төрт мезгілінде: тұман, қар және жаңбыр жауғанда да айқын көрінеді

Проекциялық жаяу жүргіншілер жолағы пайда болды
news.myseldon.com

Тұман, қар және жаңбыр жауғанда да айқын көрінетін республикалық тасжолдарда проекциялық жолақтар пайда болды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАвтожолға сілтеме жасап. 

“Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру аясындағы жұмыстар жалғасуда. Мәселен, Қарағанды және Ұлытау өңірлерінде төрт жаңа проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Олар "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 912 шақырымы Қарабас кентінің ішінде; 
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" автожолының 102 шақырымы Нұра кентінің ішінде; және "Жезқазған-Есіл-Петропавл" автожолының 22 шақырымында Сәтбаев қаласының қасында орнатылды”,
– дейді ҚазАвтожол өкілі.

Проекция жылдың төрт мезгілінде, ауа-райы қолайсыз болса да (қар, жаңбыр, көктайғақ) айқын көрінеді.
Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер түнгі уақытта да жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер жолағын 150 метр жерден анық көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай проекциялық жолақтар бұған дейін Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының республикалық маңыздағы тасжолдарында орнатылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қабылдаған өтінімдерді бағдарлама автоматты түрде іріктейді
Облыстың қалалары мен аудандарында жасыл желектерлі егу жалғасатын болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →