×

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасына қанша қаржы бөлінеді

Жобаның қандай артықшылықтары бар, елімізде ондай қанша мектеп салынады?!

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасына қанша қаржы бөлінеді
realty.ya.ru

2023-2025 жылдары елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде 401 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі бүгінгі Үкімет отырысына сілтеме жасап.

Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінеді.

“Өңір әкімдері жыл соңына дейін жер учаскелерін бөліп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін мұқият ойластыруы қажет. Жобаны іске асыру балалардың жақсы білім алуы үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді”, – деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Аталған жоба мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталып отыр.

Жайлы мектептердің басты айырмашылығы – олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады:

 

  • Яғни, пәндік кабинеттер компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар – бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады.
  • Мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланады.
  • Бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Әр блоктың өз асханасы мен спорт залы болады.
  • Мектеп ішінде оқулықтар мен жеке заттарды сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылады. Осылайша оқушылардың ауыр сөмкелерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік туады.
  • Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар мен “ауызсу фонтандары” қойылады. Әр қабатта оқушыларға арналған тынығу алаңдары болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды
Кеше, 21:00

Тоқаев ауылға баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге беретін заңға қол қойды

Медицина қызметкерлері өздері барған елді мекенде бес жыл жұмыс істеуге міндетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →