×

Донор ретінде көбіне қай ағзаны береді

Жүрек пен өкпе трансплантациясы тек адам қайтыс болғаннан кейін жасалады

Донор ретінде көбіне қай ағзаны береді
elements.envato.com

Қазақстандықтардың тірі кезінде көбіне қай ағзасын донор ретінде беретіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК ақпаратына сәйкес, кейінгі бес жылда, яғни 2018-2022 жылдар аралығында ең көп бүйрек берілген: қайтыс болғаннан кейінгі донордан - 44, тірі кезіндегі донордан - 637 бүйректі трансплантаттау жүргізілген. 

Сонымен қатар, қайтыс болғаннан кейінгі донордан - 16, тірі кезіндегі донордан - 172 бауырды трансплантаттау бойынша операциялар жүргізілді.

Жүрек пен өкпе трансплантациясы тек адам қайтыс болғаннан кейін жасалады. Кейінгі бес жылда 25 жүрек трансплантациясы және 9 өкпе трансплантациясы жасалған. 

Осы деректерге сүйене отырып, осы кезеңде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 94 ағза трансплантациясы және тірі кезіндегі донорлардан 809 ағза трансплантациясы жүргізілген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін, 13:50

Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды

Қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады
Гүлнәр Досаеваның 2024 жылғы табысы жұбайының табысынан асып түсті
«Отбасы банк» – тұрғын үй құрылыс жинақтарын ресми түрде қабылдап, несие беретін бірден-бір банк

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →