×

Кентау қаласы экологиялық апат аймағы деп танылды

Кентаулықтардың жалақысына 20% үстемақы қосылады

Кентау қаласы экологиялық апат аймағы деп танылды
Сурет: kaztag.kz

Кентау қаласы экологиялық апат аймағы деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. Енді бұл статустан кейін кентаулықтардың жалақысына 20% үстемақы қосылады.

«Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының және Түркістан қаласының бір бөлігі — бәрі де Арал маңындағы дағдарыс алдындағы аймаққа жатады. Сондықтан олар экологиялық аймаққа енеді. Сауран ауданы Кентау қаласымен шектеседі, оның жартысы Кентау қаласының аумағында орналасқан және экологиялық апат аймағына енбейді. Осыған байланысты тұрғындар «Кентауды Арал маңының дағдарыс алдындағы аймағына қосу туралы» нормативтік құжат қабылдау мәселесін көтерді», – деді Дархан Сатыбалды.

Денсаулық сақтау және Экология министрліктері тиісті зерттеулер жүргізіп, экологияның Кентау тұрғындарына да әсер ететінін анықтаған. Нәтижесінде Кентауды экологиялық аймаққа енгізуге болады деген шешім қабылданды. Бұл үшін қосымша 6 млрд теңге қажет. Әкімнің айтуынша, қазір осы қаражаттың қайдан бөлінетіні қарастырылып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →