×

Түркістан ең кедей өңір ме – әкім жауап берді

Түркістан облысында 190 мыңдай көпбалалы ана бар

Түркістан ең кедей өңір ме – әкім жауап берді
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік-экономикалық даму туралы есептік кездесуінде өзі басқарып отырған өңірдің кедей еместігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкім брифинг барысында тілшінің «Түркістан облысы ең кедей өңір ретінде көш бастап тұр. Неге? Себебін айтсаңыз» деген сұрағына жауап берді.

«Кедей өңір деп айта алмаймын. Біздің басты байлығымыз – халқымыз. Бірақ оның себебін айтып берейін. Бізде 20 өңір болса, соның ішінде үш-ақ өңір донор болып есептеледі. Олар: Алматы, Астана және Атырау. Қалған өңірлердің барлығы дотацияда отыр. Ал енді қай өңірлер республикаға бюджетті көп төлейді десе, қайтадан сол Алматы, Астана, Атырау және тағы бір облыс, содан бесінші Түркістан облысы бар. Қазір 10 айда 650 млрд теңге, яғни республикалық бюджетке түсіп отыр. 20 өңірдің ішінде табыс жағынан біз бесінші орында, алдыңғы қатардамыз. Әрине, сол табысты жан басына шаққан кезде халық саны көп болғандықтан, ол азайып қалады», - деді өңір басшысы. 

Дархан Сатыбалдының сөзінше, көпбалалы аналар елімізде 800 мыңнан астам болса, соның 190 мыңы Түркістан облысына тиесілі. Сондықтан да отбасындағы әкенің табысын жан басына шаққанда табыс төмен көрсеткіш көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →