×

Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді

Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтаған

Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Полицейлер Қарағандыдағы темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады”, – делінген өңірлік Полиция департаменті хабарламасында.

 Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейде 35 жылдан кейін балалар пойызы жүре бастады
Бүгін, 10:12

Семейде 35 жылдан кейін балалар пойызы жүре бастады

Бұл балалар теміржолы 1979 жылы ашылып, кейін 90 жылдардың ортасына қарай жабылған
Бұл туралы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені хабарлады
Бұл өзгеріс медсақтандыруға жарналарды аудару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты болып отыр
Олардан экскаватор, жүк тиегіш, төрт жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →