×

Ресей астығын Қазақстан арқылы заңсыз экспорттаушылар әшкереленді

ЖШС астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттаған

Ресей астығын Қазақстан арқылы заңсыз экспорттаушылар әшкереленді
inbusiness.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірдегі көлік прокуратурасының үйлестіруімен заңсыз астық экспорттаушыларды анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының схемасы белгілі болды. ЖШС 2021-2022 жылдары 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттаған.

Бұл ретте қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 млн теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты», - деп жазды ведомстводан.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Бүгін, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →