×

Қазақстанда дәретханасы сыртта тұрған мектептер бар - министр пікір білдірді

10 мектептің дәретханасы ішке кіргізілмеген

Қазақстанда дәретханасы сыртта тұрған мектептер бар - министр пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қанша ауыл мектебі интернетсіз отырғанын және қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында қазіргі таңда Қазақстанда қанша ауыл мектебі интернетсіз отырғаны және қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқаны жайлы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтен сұралды.

Министрдің айтуынша, бүгінде жоғары жылдамдықтағы сапалы интернетпен мектептердің 85 пайызы қамтылып отыр. Ал 94 мектепте мұндай мүмкіндік жоқ.

«Алыс шалғайдағы 94 ауылда қазір жылдамдық осындай сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Ол мәселе Цифрлық даму министрлігімен шешіліп жатыр. Оның басты себебі – 94 мектеп шекаралық аймақта орналасқан мектептер. Ол жерге Starlink-ті жеткізіп көргенбіз. Бірақ шекарада орналасқаннан кейін оның жұмыс істеуінде кедергілер бар екенін көрдік. Мұны басқа жолмен шешу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді минситр. 

Сондай-ақ министр қанша ауыл мектебінде дәретхана сыртта орналасқанын, оған не себеп екенін де айтты.

«Бұған дейін мен айтқан едім. 10 ғана мектептің дәретханасы ішке кіргізілмеген. Бұл мәселе де шешілді. Дей тұрғанмен, менің қолымдағы ақпарат бойынша әлі де біраз мектептерде ішкі дәретханалармен бірге сыртқы дәретханалар да сақталып отыр. Оған әкімдіктердің уәжі – әртүрлі форс-мажор жағдайлар болған кезде ол жаңа дәретханалардың уақытша болсын белгілі бір мәселелерді шешуге көмек беретіндіктен қалдыруды сұрап отыр. Кей өңірлердегі мектептерде ішкі дәретханамен қатар сыртқы дәретхана сақталуы бар екенін білеміз. Олардың да қауіпсіздігі, тазалығын басқа жағынан да қадағалауды тапсырып отырмыз», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін барлау орындарын жедел жабу тапсырмасы берілген
Жаңа пандус Ахметов көшесі бетінен екінші қабатта ашылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →