Елеулі дүмпулер мен қирандылар бар
Түркия мен Сирия шекарасындағы Хатай өңірінде тағы жер сілкінді, деп хабарлайды qaz365.kz.
6,4 баллдық жер сілкінісі түрік телеарналарының эфиріне түсіп қалды. Оқиға орнында жүрген CNN Turk телеарнасының тілшісі қорқынышын жасыра алмай, тікелей эфирде жылап қалды
Түркияның табиғи апаттарды жою басқармасы (AFAD) Хатай провинциясында жергілікті жер бойынша кешкі сағат 20:04 шамасында жер сілкінгені туралы хабарлады. CNN Türk телеарнасының тілшісі елеулі дүмпулер мен қирандылардың бар екені айтты.
Әлеуметтік желілерде де жер сілкінісі салдарынан қаладағы үйлердің құлағаны жайлы ақпарат тарауда.
6.4 және 5.8 баллдық екі жер сілкінісі тіркелген.
Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Хатайдағы жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, 213 адам ауруханаларға жеткізілгенін мәлімдеді.
Түркия билігі Хатай провинциясының тұрғындарынан теңіз жағалауынан алшақта болуды сұрады. Жер сілкінісінен соң теңіздің деңгейі жарты метрге дейін көтеріліп кеткен.