×

6,4 балл: Хатай өңірінде тағы жер сілкінді –  видео

Елеулі дүмпулер мен қирандылар бар

6,4 балл: Хатай өңірінде тағы жер сілкінді –  видео
фото: ашық дереккөзден

Түркия мен Сирия шекарасындағы Хатай өңірінде тағы жер сілкінді, деп хабарлайды qaz365.kz.

6,4 баллдық жер сілкінісі түрік телеарналарының эфиріне түсіп қалды. Оқиға орнында жүрген  CNN Turk телеарнасының тілшісі қорқынышын жасыра алмай, тікелей эфирде жылап қалды

Түркияның табиғи апаттарды жою басқармасы (AFAD) Хатай провинциясында жергілікті жер бойынша кешкі сағат 20:04 шамасында жер сілкінгені туралы хабарлады.  CNN Türk телеарнасының тілшісі елеулі дүмпулер мен қирандылардың бар екені айтты.

Әлеуметтік желілерде де жер сілкінісі салдарынан қаладағы үйлердің құлағаны жайлы ақпарат тарауда. 
6.4 және 5.8 баллдық екі жер сілкінісі тіркелген.

Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Хатайдағы жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, 213 адам ауруханаларға жеткізілгенін мәлімдеді.

Түркия билігі Хатай провинциясының тұрғындарынан теңіз жағалауынан алшақта болуды сұрады. Жер сілкінісінен соң теңіздің деңгейі жарты метрге дейін көтеріліп кеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →