×

7 жыл халықаралық іздеуде болған жетісулық полицей сотталды

Ол ұрлыққа қатысы бар 24 миллион теңге көлеміндегі заттай дәлелдерді ұрлаған

7 жыл халықаралық іздеуде болған жетісулық полицей сотталды
Сурет: gov.kz

Жетісу облысында 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Жетісу облысы прокуратурасы мәлімдеді.

“Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторы 2017 жылы наурызда бір топ адаммен бірге ұрлыққа қатысы бар 24 миллион теңге көлеміндегі заттай дәлелдерді ұрлаған. Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды”, – делінген Облыстық прокуратура мәлімдемесінде. 

Сот полиция қызметкерін 5 жыл 6 айға соттаған. Үкім заңды күшіне енді.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →