×

Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар - СІМ

Ол азаматтардың көбісі әйел адамдар

Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар - СІМ
Сурет: Бейнеден кадр

Қазір Сирияда Қазақстанның 33 азаматы тұрып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгін сенатта сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді. Журналистер оған Сириядағы билік төңкерісі кезінде Қазақстан азаматтарының жағдайы не болады деген сұрақ қойған.

«Сириядағы, жалпы, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталды деп айтуға болады. Ол жақта жылдар бойы тұрып келе жатқан, тұрмыстағы әйелдер мен балалар бар. Қазір олармен байланыстамыз. Олар кез келген ақпарат құралын пайдаланып, Консулға хабарласа алады. Консул біздің сыртқы істер министрлігіне байланысқа шығады. Қателеспесем, қазір Сирияда Қазақстанның 33 адамы бар. Одан аспайды. Осы 33 кісімен байланыстамыз», –  деді Әлібек Бақаев.

Ол азаматтардың көбісі әйел адамдар.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →