×

Жеке деректерін өзгертіп тастаған: Алматыда 12 жыл іздеуде болған алаяқ әйел ұсталды

Оның келтірген залалының жалпы сомасы – 19,5 млн теңге

Жеке деректерін өзгертіп тастаған: Алматыда 12 жыл іздеуде болған алаяқ әйел ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Алматыда 12 жыл іздеуде болған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы жергілікті Полиция департаменті мәлімдеді.

Ол 2012 жылы Ақмола облысының бірнеше тұрғындарынан алаяқтық жолмен қаржыларын жымқырып кеткен.

"Қылмыс туралы алғашқы мәлімдеме 2012 жылдың 2 қазанында 37 жастағы жәбірленушіден түскен. Бейтаныс адам алаяқтық жолмен оның 665 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді. Тергеу барысында полицейлер алаяқтың облыс орталығының 13 тұрғынына зиян келтіргенін анықтады. Оның келтірген залалының жалпы сомасы – 19,5 млн теңге", –  делінген хабарламада.

Полицияның қашқын қылмыскерді 12 жыл бойы таба алмауына басты себеп – оның осы уақыт аралығында жеке деректерін өзгертіп тастағаны себеп болғаны айтылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды
Бүгін, 09:27

Жетісуда облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды

Ұйымдасқан қылмыскерлер тобын ұстау үшін арнайы операция жүргізілген
Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған келісімнің мерзімі аяқталған
Жеке тексеру барысында полиция 80 орама есірткі тәркілеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →