×

Түркістандық цех танымал тауар белгісімен заңсыз өнім шығарып келген

Жасырын цех тауар иесіне 3 млн теңгеден астам шығын келтірді

Түркістандық цех танымал тауар белгісімен  заңсыз өнім шығарып келген
Сурет: Бейнеден кадр

Түркістандық цех тұрмыстық химия өнімдерін  шығаратын танымал тауар белгісімен өнім шығарып келген, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Әділет органдарының қызметкерлері «Белизна» тауар белгісі өкілінің өтініші бойынша заңсыз тұрмыстық химия өндірген Түркістан облысы Келес ауданының Абай ауылындағы жеке үйде орналасқан жасырын цехты тапқан.

“Тексеру барысында жеке кәсіпкер тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны анықталды. Одан 1 500-нан астам құтыдағы жуу және дезинфекциялау сұйығы тәркіленді. Зияткерлік меншік құқығының иесіне 3 млн теңгеден астам шығын келді. 800 шаршы метр аумақтағы цехта жасалған өнім арзанға көтерме сауда базарларына сатылып келген”, – делінген құзырлы орган хабарламасында.

Қазіргі уақытта кәсіпкерді жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Кеше, 12:36

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған келісімнің мерзімі аяқталған
Жеке тексеру барысында полиция 80 орама есірткі тәркілеген
Жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →