×

Елімізде тағы екі адам "саяси тұтқын" деп танылды

Қазір Қазақстанда «саяси тұтқын» деп танылған 19 адам бар

Елімізде тағы екі адам "саяси тұтқын" деп танылды
informburo.kz

Tirek.info сайтында жарияланған ақпарат бойынша, құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар кеңесі осы аптада 9 жылға сотталған журналист Махамбет Әбжан мен белсенді, кәсіпкер Аслан Өтеповті «саяси тұтқын» деп таныған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Masa.media-ға сілтеме жасап.

Қазір Қазақстанда «саяси тұтқын» деп танылған 19 адам бар. Олардың арасында Ермек Нарымбай, Ержан Елшібаев, Жанмұрат Аштаев сияқты белсенділер бар. 

Құқық қорғаушылар былтыр президент сайлауы алдында «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталған жеті адамды да «саяси тұтқын» деп таныған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғандарды «шетелде тұратын банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязовты тыйым салынған «ҚДТ» және «Көше партиясын» қолдаушы, криминалдар» деп атаған. Әбілязов бұны «биліктің қорқынышы» деп бағалаған. Ал ұсталғандардың туыстары жақындарын босатуды талап еткен. 

Ұсталғандардың арасында Сәния Түнғатарова, Мұратбек (фамилиясы белгісіз), Айдос Іліпбаев, Бағдагүл Андреева (Қалиасқарова), Ақылжан Қисымбаев, Олжас Күлжаханов, Теңлік Нұрланов пен Ержан Төреқұловдеген азаматтар бар. Ақылжан Қисымбаев Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп жараланып, азапталған. 

Қазақстан билігі елде «саяси тұтқын» барын және азаматтардың саяси көзқарасы үшін қудаланатынын жоққа шығарады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →