×

"Қазақстандықтарға қарсы соғысамын" деген Артем Абрамов жазасыз қалды

Атбасар қаласының тумасы Артем Абрамов "Chatroulette" қосымшасын арқылы украиналық блогердің бағдарламасында пікір білдірген

"Қазақстандықтарға қарсы соғысамын" деген Артем Абрамов жазасыз қалды

Әлеуметтік желіде Ақмола облысы Атбасар қаласының тұрғыны Артем Абрамов  видеосы пайда болған еді. Видеода Артем Абрамов Қазақстанның Ресейге қосу идеясын қолдайтынын айтқан. Осы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген Ақмола облыстық полициясы аталған іс-әрекетті қылмыс деп санамайды, деп жазады Qamshy.kz.

Полиция депортаменті оған ешқандай жаза қолданбаған. Тек профилактикалық әңгіме жүргізгенін хабарлаған. 

"Артем Абрамовпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, қылмыстық әрекет белгілері байқалған жоқ", - деп хабарлаған Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атбасар қаласының тумасы Артем Абрамов "Chatroulette" қосымшасын арқылы украиналық блогердің бағдарламасында пікір білдірген. Ол Қазақстанның Ресейге қосылуын қолдайтынын және Путин "арнайы операция" өткізуге шешім қабылдаса, қолына қару алып, қазақстандықтарға қарсы күресуге дайын екенін айтқан. Кейін желіде Абрамовтың арандатушылық құрбаны ретінде кешірім сұраған жазбасы пайда болды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қаласының тұрғыны Руслан Елфимов та осы қосымша арқылы Ресей Қазақстаннан солтүстік аймақтарды тартып алса, қуанатынын айтқан еді. Ақмола облысының тумасы екенін мойындаған ол Ресей тарапында Қазақстанға қарсы соғысқысы келетінін ашық мәлімдеген. 

Ал 2022-жылдың қазан айында әлеуметтік желіде Елфимовтың коллаборант (Ресей оккупациясын жақтау - Ред.) екенін айтқан видеосы тараған. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облыстық департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы (сепаратистік әрекет) бойынша қылмыстық іс қозғады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →