×

"Әкімдікке 41 жыл адал жұмыс жасадым": 3 жылға сотталған Атыраудың экс әкімі сот үкімімен келіспейді

Оған қатысты 46 том сот ісінің қорытындысы 2 сағатта шыққан

"Әкімдікке 41 жыл адал жұмыс жасадым": 3 жылға сотталған Атыраудың экс әкімі сот үкімімен келіспейді
Сурет: gov.kz

Атырау қаласының экс-әкіміне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев жер учаскелерін заңсыз бергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Атырау сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оразбаевтың өзі сот үкімімен келіспеді.

“46 том істің қорытындысын 2 сағатта шығару мүмкін емес. Бірақ мен Қазақстандағы әділдікке сенемін. Мен өз мемлекетіме сенемін. Мен өзімнің халқыма сенемін. Акиматқа 41 жыл адал жұмысымды жасадым. Тек қана заңды түрде қозғалыс жасаймыз”, –  деді экс-әкім.

Іс материалдарына сәйкес, Оразбаев қалалық жер қатынастары бөлімі мен сәулет бөлімінің басшыларына рекреациялық аймақтағы 8 учаскені беруді тапсырған.

Екі бөлімнің басшысы өзара келісіп, санитарлық аймақтағы 18 жер учаскесін берген. Осы мақсатта жер қатынастары бөлімінің басшысы жер комиссиясының хаттамасына қосымша комиссия отырысында қаралған 18 өтініш туралы жалған мәліметтер енгізеді.

Іске қатысты әкім мен әкім аппаратының басшысы және екі бөлімнің басшылары айыпталған. Алайда сот әкім аппараты басшысының «қылмыс жасауға қатысы бар екендігі туралы жеткілікті дәлелдер берілмегенін» анықтаған. Себебі жер учаскелерін беру оның қызметтік құзыретіне кірмеген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада 2 млрд теңге табыс тапқан притон ұйымдастырушысына үкім шықты
Бүгін, 09:57

Астанада 2 млрд теңге табыс тапқан притон ұйымдастырушысына үкім шықты

Астана тұрғыны 2021-2023 жылдары аралығында жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырған
Ұшақтың бұл түрі Бразилияда құрастырылады
Пәтуаның күшін жоюға Бас прокуратураның қысымы себеп болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →