×

"Ресейге ұшу қауіпті ме?!": Qazaq Air компаниясы Астана-Екатеринбург бағытында әуе рейстерін тоқтатты

Рейстер 2024 жылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығынданда тоқтатылып отыр

"Ресейге ұшу қауіпті ме?!": Qazaq Air компаниясы Астана-Екатеринбург бағытында әуе рейстерін тоқтатты
Сурет: lissin.kz

Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағытында әуе рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығынданда рейстер тоқтатылды. Алайда Омбы мен Новосібірге рейстер жалғасады”, – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Ал осы бағытта билет алып қойған жолаушыларға билеттің толық құны қайтарылатынын айтып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Кеше, 12:36

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған келісімнің мерзімі аяқталған
Жеке тексеру барысында полиция 80 орама есірткі тәркілеген
Жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →