×

Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған монета шығады

Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалып жатыр

Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған монета шығады
Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Қазақстан Ұлттық Банкі  «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалып жатыр.

“ «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан коллекциялық монета Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі және Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған. Монетаның дизайнында оның портреттік бейнесі қолданылған.Монета мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 5000 (бес мың) дана”, – делінген  Ұлттық банк хабарламасында. 

Монеталардың сатылымға шығатын күні туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша орналастырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Бүгін, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →