Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалып жатыр
Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалып жатыр.
“ «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан коллекциялық монета Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі және Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған. Монетаның дизайнында оның портреттік бейнесі қолданылған.Монета мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 5000 (бес мың) дана”, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Монеталардың сатылымға шығатын күні туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша орналастырылады.