×

Шымкентте қарулы азаматты құрықтаған Арман Әріпжанов оқиғаның қалай болғанын айтып берді – видео

Шымкенттегі атыс кезінде Арман оқиға орнына жақын маңда жүрген

Шымкентте қарулы азаматты құрықтаған Арман Әріпжанов оқиғаның қалай болғанын айтып берді – видео
фото: Хабар24

Шымкентте қарулы азаматты құрықтаған Арман Әріпжановтың желіде видеосы жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Шымкенттегі атыс кезінде Арман оқиға орнына жақын маңда жүрген. Полиция капитаны көшеде оқ атылған жаққа тез ұмтылып, қаскөйдің назарын өзіне бұра отырып, оны ұстап алған.

Тағы оқыңыз: 

Шымкентте атыс шығарған күдіктіні ұстаған полицейге сыйақы берілді

Құқық қорғау органдарының айтуынша, қарулы адам оған оқ атқысы келген, бірақ полицейдің кәсіби шеберлігінің арқасында оған мүмкіндік бермеген.

"Ол кезде ұрлық ісімен айналысып, әріптесім екеуміз бейнебақылау кадрларын қарап отырғанбыз. Бір уақытта оқ атылғанын естідім, бірден көшеге шықтым. Оқиға орнында студенттер көп болды, олардан бұл арада тез кетуін сұрадым. Содан кейін қылмыскердің артынан жүгіре жөнелдім, ұрымтал сәтті пайдаланып, оны патрульдік полицияның көлігінде ұстап алдым. Әріптестерім оның көңілін бөліп, назарын өздеріне аудартқанда шалт қимыл жасадым. Ол мені атқысы келді, бірақ одан мен жылдам болып шықтым. Қаруын қағып түсірдім. Қорқыныш болған жоқ, Мен өз жұмысымды жасадым. Басты мақсат қарулы қылмыскерді залалсыздандыру болды. Менің ойымша, бұл - әр полицейдің халқы алдындағы борышы. Полицей болу-менің бала кезімдегі арманым", – деді Шымкент қаласы ПД Тұран АПБ жедел уәкілі Арман Әріпжанов.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Шымкентте қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған адам ұсталғандығы туралы жазған едік.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →