×

Министр масс-медиа туралы заң жобасында дау тудырған кейбір пунктті алып тастауға күш салатынын айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі  "техногенді сипаттағы жағдайлар" алынуы мүмкін екенін айтты

Министр масс-медиа туралы заң жобасында дау тудырған кейбір пунктті алып тастауға күш салатынын айтты

22 ақпанда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі масс-медиа туралы заң жобасындағы "рұқсат алу" туралы пунктке қоғам сынынан кейін бірқатар өзгеріс енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі azattyq.org-ке сілтеме жасап. 

Жобаның қазіргі нұсқасында техногенді апаттан бастап, жаппай тәртіпсіздік пен қарулы қақтығысқа дейінгі кез келген төтенше жағдайда журналистер өкілетті тұлғалардан рұқсат сұрауы керек деп жазылған.

22 ақпан күні ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі енді бұл ережеден "техногенді сипаттағы жағдайлар" алынуы мүмкін екенін айтты. Яғни, айталық, Екібастұздағы сияқты апат жағдайлары болған кезде журналистер рұқсат сұрауға міндетті емес.

"Төтенше жағдайға да байланысты мен сіздердің пікірлеріңізді қолдаймын. Сол бағытта жұмыс істеп отырмыз. Оны (төтенше жағдай кезінде ақпарат таратқан шақта өкілетті органнан рұқсат сұрау – ред.) алып тастауға тырысамыз. Тек ерекше әскери жағдай қалуы мүмкін. Өйткені әскери жағдайларда әскери журналистер ғана кіре алады", –  деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →