×

Жамбыл облысының әкімі Жаңа жылдағы 4 күн демалыста екі кітап оқып тастады

Жамбыл облысының әкімі Жаңа жылдағы 4 күн демалыста екі кітап оқып тастады
Фото: Ербол Қарашөкеев/facebook

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жаңа жылдағы 4 күн демалыста не бітіргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Кітап – рухани азық, жанымыздың шуағы, болашағымыздың бағдары. Биыл, 2025 жылды Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» деп белгілеу – осы құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған қадам. Жаңа жылдық демалыста мен де уақыт тауып, халқымыздың мақтанышына айналған қабырғалы қаламгер Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романын және поэзияның ақ гүлі атанған Күләш Ахметованың «Құт» атты өлеңдер жинағын қайта оқып шықтым, - дейді Ербол Қарашөкеев.

Ол осы ретте Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасы» – тағдырлы ананың ерлігі мен қайсарлығын бейнелеген ғажап туынды екенін салып өткен. 

Романның басты кейіпкері Айша - шексіз мейірімді, ұрпағы үшін барлығына дайын ана. Оның бейнесі арқылы әйелдің рухани биіктігі мен төзімділігі айқын көрініс табады. Роман сонымен қатар қоғамдағы тарихи оқиғалар мен адамдардың тағдырын шынайы түрде көрсетеді. «Ай мен Айша» – адамның жүрегіне әсер етіп, ананың махаббаты мен қайсарлығын терең сезінуге шақыратын терең философиялық туынды, - деп жазды әкім.

Ербол Қарашөкеев осы ретте «Құт» өлеңдер жинағынан үзінді жазып, жерлестерін кітап оқуға шақырған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →