×

"Пара берсең алтын өндіресің!": ШҚО экология департаментінің басшысына сот үкімі шықты

 Алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара берген

"Пара берсең алтын өндіресің!": ШҚО экология департаментінің басшысына сот үкімі шықты
Сурет: zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеп отыр.

“Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Д. Әлиевке, жергілікті тұрғын М. Журкабаевқа және кәсіпкер К. Длюжевскийге қатысты үкім шығарды. Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды”, – делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды
17.01.2025ж. 12:36

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған келісімнің мерзімі аяқталған
Жеке тексеру барысында полиция 80 орама есірткі тәркілеген
Жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →