×

Халықаралық іздеудегі 110-нан аса қазақстандық шет елдерден ұсталды

Оларды әлемнің 25-тен аса елінен іздеп тауып, құрықтаған

Халықаралық іздеудегі 110-нан аса қазақстандық шет елдерден ұсталды
Сурет: dereksiz.org

 

Халықаралық іздеудегі 110-нан аса қазақстандық шет елдерден ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр.

“Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы арқылы еліміздің құқық қорғау және уәкілетті органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген 110-нан астам қылмыскер мен жоғалып кеткен азаматтар шетелден табылды. 

Іздеуде жүргендер:

  • Ресей,
  • Түркия,
  • БАӘ,
  • Қытай,
  • Оңтүстік Корея,
  • Польша,
  • АҚШ,
  • Грузия,
  • Армения,
  • Әзірбайжан,
  • Испания,
  • Ұлыбритания,
  • Чехия,
  • Швеция,
  • Украина,
  • Германия,
  • Колумбия,
  • Израиль,
  • Бельгия,
  • Греция,
  • Италия,
  • Доминикан Республикасы,
  • Литва,
  • Қырғызстан,
  • Өзбекстан елдерінде анықталып, ұсталды, –  делінген министрлік хабарламасында.

Қылмыскерлер көбінесе алаяқтық, бөтен мүлікті талан-таражға салу және ысырап ету, есірткі сынды қылмыстар үшін іздеуде болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі
Бүгін, 18:33

Мұғалімдер басшылықтан қорықса жасырын түрде шағым бере алады – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады
Ол ұзаққа созылған қатерлі дертпен өмірінің соңына дейін күресті
Әкімнің сөзінше, дәл қазір «Телман» сорғы станциясында техникалық су құбырын салу жобасы жүріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →