×

Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты үшін Ресей жауап беруі керек деп мәлімдеді

Президент айыптыларды жазалауды талап етті

Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты үшін Ресей жауап беруі керек деп мәлімдеді
Фото: minval.az

Әзербайжан Президенті Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың аман қалған жолаушылары мен қаза болған азаматтардың туған-туыстарымен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әділетті, айыптыларды жазалауды талап етеміз! Толық ашықтық пен адамға сай қарым-қатынасты талап етеміз!» - деді Әлиев.

Әзербайжан Президентінің айтуынша, Ресей жағы басында түрлі себептерді сылтау қылып, ұшақ апатында өз кінәсін жасыруға тырысқан. Бірде «газ жарылды» деген. Құстарға сілтеген. Бірақ жауапкершілікті алғысы келмеген. Әлиевтің сөзінше, егер сол кезде Ресей бірінші күннен бастап әділ тергеу жүргізгенде «қара жәшікті» ТМД-ға қарайтын Мемлекетаралық авиация комитетіне беруге болар еді.

«Әзербайжан азаматтарының осы апатта қаза тапқаны үшін кінә (Ақтаудағы ұшақ апаты – ред.) Ресей Федерациясының өкілдерінде жатыр деп сеніммен айта аламын», - деді ол.

 Ұшақ апатынан қайтыс болған үш адам Әзербайжанның ұлттық батыры атағын алды, тірі қалған екі адам да марапаттарға ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
14.07.2025ж. 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →