2030 жылға дейін тұрақты жұмыс орындарында 83 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ
Алматы облысындағы атом электр стансасын салу жобасына қанша адам тартылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасында айтып берді.
«Атом электр стансасын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезеңінде 10 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады. Пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жаңа жобалардан басқа, жұмыс істеп тұрған ОЭК кәсіпорындарында 2025-2029 жылдар кезеңінде кадрларға жалпы қажеттілік қосымша 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрайды», — деді баяндама барысында Алмасадам Сәтқалиев.
2030 жылға дейін ОЭК салаларында құрылыс кезеңінде де, тұрақты жұмыс орындарында да 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын құра отырып, 99 жобаны іске асыру жоспарланып отыр екен. Мұнай-газ саласындағы жобаларды іске асыру мұнай-газ саласының да, аралас салалардың да техникалық мамандықтары үшін шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.