×

Еліміздің төрт өңірінде Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

ТЖМ қараңғы уақытта алыс жолға шықпауға, жаяу жүрмеуге шақырып отыр

Еліміздің төрт өңірінде  Республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Сурет: avestnik.kz

Қар мен боранға байланысты Ұлытау, Қостанай, Жамбыл, Түркістан өңірлерінде республикалық, облыстық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы деп хабарлайды “ҚазАвтоЖол”  мәлімдеп отыр.

 

“Жамбыл облысында боран мен көктайғақ салдарынан Тараз қаласынан Түркістан облысына және Алматы облысына баратын жол жабылып, 1050-ге жуық көлік тоқтап қалған. Оның 580-і – жүк көлігі, 465-і – жеңіл көлік. Полицейлер қар құрсауында қалған 10-нан аса көлікті құтқарды. Қазір бағыттағы  көліктер Қордай асуы арқылы жүріп жатыр”, – делінген Облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жарияланса, қараңғы уақытта алыс жолға шықпауға, жаяу жүрмеуге шақырып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Кеше, 12:36

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған келісімнің мерзімі аяқталған
Жеке тексеру барысында полиция 80 орама есірткі тәркілеген
Жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →